Халықаралық дзюдо федерациясы Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
19-21 маусымда өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 20 балуан қорғайды. Ұлттық құраманың тізімі мынадай:
Ерлер
- 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
- 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
- 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
- 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
- 90 келіге дейін: Нұржан Бисенов, Айбол Нысанәлі
- 100 келіге дейін: Марат Байқамуров
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева
- 52 келіге дейін: Аружан Ережепова
- 57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
- 63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова
- 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз