Молдова – Қазақстан ойынына тікелей трансляция: кеткен есе қайта ма?

Бүгін футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан ұлттық құрамасы Молдовамен кездеседі, деп хабарлайды Massaget.kz. 

С3 тобындағы матч Кишиневтағы "Зимбру" стадионында өтеді. Қазақстандағы уақытпен кешкі сағат 22:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Джон ван'т Схип жаттықтыратын ұлттық құрама бұған дейін Астанада Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберген. 

Төрт турдан кейін топта Словакия құрамасы 10 ұпаймен көш бастап тұр. Фарер аралдары мен Молдовада 4 ұпайдан бар. Қазақстан 2 ұпаймен соңғы орында келеді. 

Молдовадан кейін ұлттық құрама 16 қараша күні Астанада Словакиямен ойнайды.