Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов биыл еңбек демалысын қайда өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство басшысы былтырғы демалысын еске алды. Содан ол елде қалуды жөн көрген.
"Былтыр мен қысқа мерзімді демалысты өз елімізде, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінің аумағында өткіздім", - деді ол.
Асхат Оралов биыл да Қазақстанда демалуды жоспарлап отырғанын айтты.
"Биыл мен маңызды салаларды: мәдениет, спорт, мұрағат және туризмді қадағалайтын жұмысқа кірістім. Мүмкін болса, Көлсай мен Қайыңдыда бірнеше күн болғым келеді. Бірақ қазір жұмыс кестесі өте тығыз. Бос уақыт аз болғандықтан, мен бос уақытты отбасыма арнауға тырысамын", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін шенеуніктердің былтыр қайда демалғанына шолу жасаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!