Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.
Карими еркін жаттығулар бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14.300 ұпай жинап, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Беларусь спортшысы Егор Шарамков 14.533 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үшінші орын жапониялық Казуки Минамиге бұйырды – 14.200.
Сондай-ақ бүгін, 7 наурызда қоссырықтағы жаттығулар бойынша финал өтті. Қазақстандық Дмитрий Патанин 13.166 ұпай жинап, жетінші орын алды.
Айта кетейік, алда Қазақстан құрамасын тағы бірнеше финал күтіп тұр. Милад Карими мен Диас Тойшыбек кермедегі жаттығуларда өнер көрсетсе, Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуларда бақ сынайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz