- Негізгі бет
- Спорт
- Милад Карими Азия...
Милад Карими Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото:
Olympic.kz/Владислав Семенов
Қазақстандық Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Турнир Дохада (Катар) өтіп жатыр.
Бағанадағы жаттығуларда Карими 14,133 ұпай жинап, үшінші орын алды. Дохадағы құрлық біріншілігі 2022 жылдың 28 қазаны мен 6 қарашасы аралығында Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі.
Турнир қорытындысы бойынша спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына толық құраммен жолдама алғанын айта кеткен жөн.
Карими 2020 жылы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетті.
А. Оралқызы