Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында бесінші орын алды

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында бесінші орын алды
Фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық спортшы төрешілерден 94,87 ұпай алып, 12 қатысушы арасында бесінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламадан кейін Жапония өкілі Као Миура 102,90 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға оның отандасы Шун Сато (101,97 ұпай) жайғасты. Ал бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко 99,72 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.

О. Сансызбай
Logotype Massaget