Бүгін мәнерлеп сырғанаудан 2024-2025 жылғы маусымдағы Гран-придің финалына Ұлттық құрама спортшысы Михаил Шайдоровтың қатысатыны ресми белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қорытынды турнир 6-8 желтоқсан аралығында Францияның Гренобль қаласында өтеді. Әуелде Халықаралық конькишілер одағы (ISU) жариялаған үздік алты спортшының тізімінде Шайдоров болмаған.
Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2024), 2 дүркін Еуропа чемпионы Адам Сяо Хим Фа тобығын ауыртып алып, өз жанкүйерлерінің көз алдында өнер көрсете алмайтын болған соң оның орнын Михаил басты.
Қазақстандық Қытайдағы Гран-приде күміс жүлде жеңіп алғаннан кейін қосалқы құрамдағы үміткерлер арасында 1-сатыға көтерілген (маусымда 22 ұпаймен).
Греноблде сынға түсетін ерлер:
Гран-придің финалы тек таңдаулы спортшылар қатысатын жарыс саналады. Әйелдер және жұптық сында финалға шыққан қазақстандықтар жоқ. Айта кетейік, маусымдағы Гран-при кезеңдері Техас (АҚШ), Галифакс (Канада) Анже (Франция), Токио (Жапония), Хельсинки (Финляндия) және Чунцин (Қытай) қаласында өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!