Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол қысқа бағдарламада үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада 161,42 ұпаймен көш бастады.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров 251,09 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орын алды.
Айта кетейік, Франция өкілі Кевин Аймоз жарыс жеңімпазы атанды (253,53 ұпай). Қола медальді жапониялық Казуки Томоно жеңіп алды (245,57 ұпай).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!