Мәнерлеп сырғанаудан Хорватия астанасы Загребте өткен ISU Challenger санатындағы Golden Spin турнирінде қазақстандық Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Шайдоров қос бағдарлама қорытындысы бойынша 235,29 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Алтын медальді әлем чемпионатының жүлдегері, қытайлық Цзинь Боян иеленген. Оның қорытынды ұпайы - 258,67.
Үздік үштікті эстониялық Александр Селевко тұйықтады - 224,24 ұпай.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров жақында өткен Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!