Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағына басты үміткерлердің бірі атағын сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде отандық былғары қолғап шебері орта салмақ дәрежесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда бұл салмақта чемпиондық белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске тиесілі.
Айта кетерлігі, Нұрсұлтанов - WBC рейтингінің топ-15 тізіміне енген Қазақстаннан шыққан жалғыз боксшы.
Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылдың қараша айында шыққан болатын. Сол кезде ол Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен жекпе-жекте чилилік Хулио Аламостыжеңген еді.
Әзірге 32 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі көрсеткіші - 20 жеңіс, ол соның 11-і нокаутпен жеңген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz