- Негізгі бет
- Спорт
- Мейіржан Шермаханбет Ханчжоуда...
Мейіржан Шермаханбет Ханчжоуда күміс жеңіп алды
Фото:
Olympic.kz
Қазақстандық Мейіржан Шермаханбет Ханчжоудағы Азия ойындарында алтын үшін белдесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Грек-рим күресінен 67 келідегі финалда Мейіржан жапониялық Кацуаки Эндоға 3:4 есебімен есе жіберіп қойды. Мейіржан Азиаданың күміс жүлдегері атып отыр.
27 жастағы қазақстандық балуан 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сонымен қоса, ол 2019 және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері (күміс және қола).
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 48 жүлдесі бар - бес алтын, 11 күміс және 32 қола екенін айта кетейік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz