Месси Роналдудан тойға шақырту алған

Месси Роналдудан тойға шақырту алған
Фото: depositphotos.com

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес көптен күткен үйлену тойына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, салтанатты рәсім 8 тамызда Португалияның Мадейра аралында өтеді.

Журналист Эсегбона Луистің әлеуметтік желідегі ақпаратына сәйкес той қонақтары қатарында әлемдік футбол жұлдыздары бар. Мәселен Лионель Месси мен Неймар шақырту алған.

Айта кетейік, Роналду мен Родригес шамамен он жылдай бірге. Осы уақыт ішінде олардың екі ортақ баласы дүниеге келді. Қазір олар жалпы бес бала тәрбиелеп отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget