Аргентина құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси ұлттық құрамадағы жолын ресми түрде аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
39 жастағы футболшының соңғы матчы "Монументаль" стадионында Бенин құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесу болды. Матч Аргентина құрамасының ірі жеңісімен (3:0 есебімен) аяқталды. Мессидің өзі пенальтиден гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Ұлттық құрама сапында 21 жыл өнер көрсеткен Месси Аргентина құрамасының негізгі рекордының барлығын жаңартып, халықаралық деңгейде ең көп титул жеңіп алған футболшылардың біріне айналды.
Шабуылшы Аргентина құрамасымен бірге төрт халықаралық титул жеңіп алды. Аргентина құрамасындағы қоштасу матчын есепке алғанда, Лионель Мессидің ресми деңгейдегі жалпы нәтижесі - 932 гол.
Аргентиналық футболшы америкалық "Интер Майами" сапында өнер көрсетуді жалғастырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!