"Интер Майами" Major League Soccer (MLS) тұрақты чемпионаты аясында "Нэшвиллден" ірі есеппен жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Матч Нэшвиллде (АҚШ) өтіп, алаң иелері қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді.
"Нэшвилл" сапында 49-шы және 63-ші минуттарда гол соққан Хани Мухтар дубль авторы атанды. Тағы бір-бір голдан Энди Нахар (17-минут) мен Сэм Сарридж (56-минут) еншісіне жазды. Бірінші таймға қосылған уақытта Лионель Мессидің пасынан Теласко Сеговия "Интер Майамидің" жалғыз голын соқты.
Аргентиналық шабуылшының бірінші таймда-ақ көзге түсетін мүмкіндігі болған еді, бірақ ол 23-минутта пенальтиді жүзеге асыра алмады.
Осы жеңістен кейін "Нэшвилл" ұпай санын 43-ке жеткізіп, Шығыс конференциясындағы көшбасшылығын нығайтты. 38 ұпайы бар "Интер Майами" турнирлік кестеде екінші орында тұр.
Бұған дейін Аргентина құрамасы мен америкалық "Интер Майами" клубының жұлдызды форварды Лионель Мессидің әкесінің жерлеу рәсімінен фото және видео таратқан бұқаралық ақпарат құралдарын сотқа беретіні белгілі болған еді.
Бірнеше күн бұрын Лионель Месси әкесі қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы матчін өткізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz