Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Интер Майами" сапындағы үшінші ойында да гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Футболшы ойында бір емес, екі голды өз еншісіне жазды.
Форт-Лодердейлдегі (АҚШ) алаңда "Интер Майами" Лига кубогың 1/16 финалында "Орландо Ситиді" 3:1 есебімен ұтты. Месси 7-ші және 71-минутта гол соғып, көзге түсті. Бір голды 51-минутта Хосеф Мартинес пенальтиден сәтті орындады. "Орландо Сити" сапынан Сесар Араухо гол соқты.
Месси жаңа командасы сапында 3 ойынға қатысып, 5 гол соғып үлгерді. Сондай-ақ бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, бүгінгі ойында "Интер Майами" сапында Мессидің "Барселонадағы" командаласы Жорди Альба да алаңға шықты. Бұл оның америкалық клуб сапындағы алғашқы ойыны болды.
![]()
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!