"Пари Сен-Жермен" футбол клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мансабын қандай клубта жалғастыратынын айтты. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
Diario AS-тың хабарлауынша, 34 жастағы футболшы 2023 жылдың жазында MLS «Интер Майами» клубына ауысады.
Сонымен қатар, Месси Англия мен "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм иелегіндегі америкалық клубтың ортақ иесі атанады. Аргентиналық "Интер Майамидің" 35 пайыз акциясын сатып алуды жоспарлап отыр. Тараптар мәміле бойынша принципті келісімге келді.
Айта кетейік, Месси 2021 жылдың жазынан бері ПСЖ сапында ойнайды. Осы маусымда ол 33 ойынға қатысып, 11 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. "ПСЖ-мен" келісім келесі маусымның соңында аяқталады. Париж клубына дейін Месси бүкіл мансабын каталон клубы – "Барселонада" өткізді.