- Негізгі бет
- Спорт
- Месси жалақысының 50...
Месси жалақысының 50 пайызын қысқартуға келісті
Футболшы Лионель Месси “Барселона” клубымен жаңа келісімшарт жасады. Бұл туралы sports.ru хабарлады.
Месси католондық клубпен 5 жылдық келісімшартқа отырған. Жаңа келісімге сәйкес ол бұрынғы жалақысынан 50 пайыз аз қаржы алады.
Месси клубтың қазіргі уақытта қаржылық жағдайы жақсы емес екенін түсініп, жалақысының 50 пайызға қырсқарғанына келіскен. Осылайша, ойыншы каталондық команданың басқа футболшыларына үлгі көрсетті.
Басылым Месси енді жылына 84 миллион доллар алады деп мәлімдеді. Жаңа келісімшарт ресми түрде шілденің соңына дейін жарияланады, ал тараптар басқа мәселелерді шешеді.
Аргентиналықтың бұған дейінгі келісімшарты 1 шілдеде аяқталған болатын. Содан кейін футболшы еркін агент мәртебесіне ие болды. Клуб президенті Джоан Лапорта келісімшарт аяқталмай тұрып келісімшарт жасаймын деп үміттенген еді, бірақ клубтың қаржылық жағдайы оны қиындатты.
Месси “Барселона” академиясына 2000 жылы келген. Ол негізгі команда сапында 2003 жылдың қарашасында дебют жасады.
Т. Раушанұлы