Месси "Интер Майамидің" алдағы бірнеше ойынына қатыспайды

Месси "Интер Майамидің" алдағы бірнеше ойынына қатыспайды
Фото: USA Today Sports

Лионель Месси "Интер Майамидің" алдағы бірнеше ойынына қатыса алмайды. 36 жастағы футболшы Аргентина ұлттық құрамасына шақырту алды. 

Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында қыркүйек айында Эквадор және Боливияға қарсы ойнайды. Ал Америкадағы MLS маусымы жалғаса береді. 

Лео кемі үш ойынға қатыспайды. Оны ұлттық құрамаға шақырды. Біз арагідік онсыз да жеңісті жолымызды жалғастыра білуіміз керек, - деді "Интер Майамидің" бас жаттықтырушысы Херардо Мартинес. 

Месси америкалық клубтың "Лос-Анджелес", "Канзас Сити" және "Атланта Юнайтед" командаларына қарсы ойынына қатыспайды. 

Айта кетейік, Месси "Интер Майами" сапына осы жазда ауысып барды. Қазірге дейін 9 ойынға қатысып, 11 гол соғып үлгерді. Үш нәтижелі пас берді.  

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай