Месси бесінші орында: әлемдегі ең мықты вингердің есімі аталды

ESPN әлемдегі үздік футболшылар рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Үздік вингерлер тізімінде бірінші орында "Бавария" ойыншысы Майкл Олисе тұр.

Екінші орынға "Барселонаның" 18 жастағы футболшысы Ламин Ямаль жайғасқан. Жас талант биыл жазда Испания құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды. Үшінші орында бұрын Ресей премьер-лигасында ойнаған, қазір ПСЖ сапында өнер көрсетіп жүрген Хвича Кварацхелия тұр.

Үздік ондыққа Луис Диас, Лионель Месси, Винисиус Жуниор, Букайо Сака, Рафинья, Дезире Дуэ және Жереми Доку да енді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!