12 шілде күні таңертең Әлем чемпионатының 1/4 финалындағы Аргентина мен Швейцария арасындағы матч аяқталды. "Альбиселесте" жарты финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1/8 финалда аргентиналықтар Мысырды (3:2) жеңсе, Швейцария Колумбиядан басым түсті – 0:0 (пен. 4:3).
Жарты финалда бұл жұптың жеңімпазы Англия құрамасымен кездеседі.
Ойынның 10-минутында-ақ Мессидің асырған добынан кейін Маккалистер Кобельдің қақпасына допты баспен бағыттады.
Мурат Якиннің шәкірттері үзілістен кейін жауап қайтарды. 67-минутта Ндойе есепті теңестірді.
Кездесудің шешуші сәті – швейцариялық Эмболо 72-минутта симуляция жасағаны үшін екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Швейцария құрамасына пенальти сериясына дейін шыдауға шамамен 10 минут жетпей қалды.
Қосымша уақыттың 112-минутында Хулиан Альварес айып алаңының сыртынан әдемі соққы жасап, допты "тоғыздыққа" дәл түсірді. Ал 120+1 минутта Мартинес қарсы шабуылдан кейін швейцариялықтардың үмітін біржола үзді.
Матчтің қорытынды есебі – экстра-таймдардан кейін Аргентина құрамасының пайдасына 3:1.
Осылайша, Аргентина құрамасы ӘЧ-2026 турнирінің 1/2 финалына шықты, онда Англиямен кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!