Аргентина ұлттық құрамасы мен француздық ПСЖ-ның көшбасшысы Лионель Месси шілденің соңына қарай "Барселона" сапына қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Испаниялық Sport басылымының мәліметінше, клуб Мессидің Америка Құрама Штаттарындағы маусым алдындағы тур басталмай тұрып оралғанын қалайды. Ол 19-30 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, ПСЖ мен аргентиналық форвард арасындағы келісімшарт биыл маусымда аяқталады. Осыдан кейін ол еркін агент атанады. "Барселонадан" бөлек Леоны саудиялық "Әл-Хиәләл" клубы да сапына қосқысы келеді, ал арабтар жылына 400 миллион еуро төлеуге дайын.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!