Лионель Месси Аргентина құрамасының алдағы матчына шақырту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Алда үш жолдастық кездесу өтеді: 30 қыркүйекте Боливиямен, 3 қазанда Буркина-Фасомен және 6 қазанда Бенинмен.
Аргентина футбол қауымдастығының (AFA) президенті Клаудио Тапиа 6 қазанда Месси қоштасу матчын өткізетінін растады. Сол күні Аргентина құрамасы Бенинмен кездеседі.
Мессиді шығарып салу рәсімі Буэнос-Айрестегі "Монументаль" стадионында ұйымдастырылады. Бенинге қарсы ойынға 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Аргентина құрамасының толық құрамы шақырылмақ.
Айта кетейік, 31 тамызда Месси Аргентина құрамасындағы жолын аяқтайтынын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова