Месси Аргентина құрамасындағы мансабына нүкте қойды

Месси Аргентина құрамасындағы мансабына нүкте қойды
Фото: A.Paes/depositphotos.com

Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. "Алтын доп" иегері бұл шешімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"...Бұл ауыр шешім болды. Алайда қазір осындай қадамға баратын уақыт келгенін түсінемін. Осы жейде үшін әрдайым бар күшімді салдым. ...Әрқашан сіздерге қуаныш сыйлап, аргентиналық екендеріңізді мақтан тұтуға себепші болу үшін күрестім. Енді аз ғана уақыт қалды, кейбір тараулар жабылып жатыр. Ал бұл тарау менің жүрегіме қатты батады. Маған ұлттық құраманың бір бөлігі болу ұнайтын, қазір де солай және оны әрдайым солай болмақ. ...Артымнан еріп келе жатқан өте талантты жас ойыншылар бар. Осы 20 жыл бойғы махаббаттарыңыза рақмет", - деп жазды Месси Instagram желісінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Leo Messi (@leomessi)

Футболшы ұлттық құрамаға енді жанкүйер ретінде қолдау көрсететінін айтты. Ол Аргентина құрамасын жақсы күндерде де, қиын сәттерде де сырттай қолдайтынын жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget