Месси әлемдік футбол жұлдызына айналуы мүмкін 10 есімді атады

"Алтын доптың" сегіз дүркін иегері, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси болашақта әлемдік футбол жұлдызына айналуы мүмкін он жас футболшыны атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар:

  • Томас Аранда ("Бока Хуниорс", Аргентина, 19 жаста)
  • Макс Доуман ("Арсенал", Англия, 16 жаста)
  • Зейвиер Гозо ("Кристал Пэлас", АҚШ, 19 жаста)
  • Хесус Родригес ("Комо", Испания, 20 жаста)
  • Кес Смит (АЗ, Нидерланд, 20 жаста)
  • Хильберто Мора ("Тихуана", Мексика, 17 жаста)
  • Джан Узун ("Айнтрахт", Түркия, 20 жаста)
  • Хлоя Сарви ("Челси", Англия, 17 жаста)
  • Джованна Ваксман ("Лион", Бразилия, 17 жаста)
  • Лотта Вреде ("Гамбург", Германия, 18 жаста)

Айта кетейік, ұлттық құрама сапында 21 жыл өнер көрсеткен Месси Аргентина құрамасының негізгі рекордының барлығын жаңартып, халықаралық деңгейде ең көп титул жеңіп алған футболшылардың біріне айналды.

Шабуылшы Аргентина құрамасымен бірге төрт халықаралық титул жеңіп алды. Аргентина құрамасындағы қоштасу матчын есепке алғанда, Лионель Мессидің ресми деңгейдегі жалпы нәтижесі - 932 гол. Аргентиналық футболшы америкалық "Интер Майами" сапында өнер көрсетеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз