Месси әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы голдарын соқты

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Әлем чемпионатынан оралғаннан кейінгі екінші матчінде дубль жасады. Оның голы Лигалар кубогы топтық кезеңіндегі "Атлетико Сан-Луиске" қарсы ойында жеңіс сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Sport"-қа сілтеме жасап.

"Интер Майами" мен "Атлетико" арасындағы кездесу 6 тамызға қараған түні Майамиде өтіп, 4:2 есебімен Месси командасының сенімді жеңісімен аяқталды.

39 жастағы аргентиналық шабуылшы 11-минутта айып алаңынан соққы бағыттап, командалық комбинацияны түйіндесе, есеп 2:1 болған тұста тағы бір гол соғып, жеңісті еселеді.

Айта кетейік, 20 шілдеде Месси ӘЧ финалында Испанияға қарсы 120 минут ойнаған болатын. Екі аптадан соң аргентиналық MLS тұрақты чемпионатында "Коламбус Крюге" қарсы матчке шыққанымен, нәтижелі іс-әрекетімен көзге түсе алмады.

"Атлетико" қақпасына соғылған голдар Лионель Месси үшін Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейінгі алғашқы доптар болды.

Еске сала кетейік, ӘЧ-2026 финалы Испания құрамасының 0:1 есебімен жеңісімен аяқталған еді.

Бұл жеңілістен бөлек, аргентиналық футболшы турнирдің және жалпы мундиальдар тарихындағы үздік сұрмерген атағын да бере салды. Аргентиналық керемет 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас бергеніне қарамастан, одан француз Килиан Мбаппе озып кетті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!