Аргентина құрамасының ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін әлеуметтік желідегі хабарламаларды оқып үлгермегенін мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Миллионға жуық хабарлама келген, сондықтан оның парақшасы бұғатталып қалған.
"Әлеуметтік желіде миллион хабарлама келді, нәтижесінде менің парақшам бұғатталып қалды. Мен тіпті оқып үлгермеген хабарламалар болды. Басқа спортшылардың мені мойындап жатқаны қуантады, әрине. Мен пікір қалдырғанды не жауап бергенді ұната бермеймін, жай лайк басамын", - дейді Месси.
Еске салайық, Катарда 35 жастағы Месси алғаш рет әлем чемпионы атанды. Аргентина құрамасы финалында Франция құрамасын пенальтимен жеңді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!