Қазақстандық Меруерт Кәукеева мінбедегі төрешінің күміс белгісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Меруерт әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақ алған екінші қазақстандық қазы атанды.
"Күміс белгі" (Silver Badge) төрешілерге кәсіби қызметі негізінде беріледі. "Күміс белгі" алу үшін халықаралық деңгейдегі кемінде 60 матчқа қазылық ету керек. Сондай-ақ "Алтын белгі" санатындағы төрешілер мен супервайзерлерден жоғары баға алғаннан кейін ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиналыс өткізіп, мұндай атаққа лайықтыларды таңдайды. "Күміс белгісі" бар төрешілер "Үлкен дулыға", сол секілді ITF, ATP, WTA аясында ұйымдастырылатын басқа да негізгі жарыстарда, финалдарын қоса алғанда, қазылық ете алады", - деп хабарлады ведомстводан.
Былтыр қарашада Қазақстаннан Юлия Игнатченко бірінші болып "Күміс белгіге" ие болған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!