- Негізгі бет
- Спорт
- "Мені ғана құттықтаған...
"Мені ғана құттықтаған жоқ". Месси ПСЖ-дан кетуінің тағы бір себебін айтты
"Интер Майами" клубында ойнайтын аргентиналық танымал футболшы Лионель Месси кезекті сұхбатының бірінде ПСЖ командасы жайлы сөз қозғады. Оны әлем чемпионатынан кейін командасы дұрыстап құттықтамаған.
36 жастағы футболшы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Франция құрамасын ұтты. Ал сол жарыстан кейін париждік клуб мүшелерінің көзқарасы өзгерген. Бұл да командадан кетуіне бірден-бір себеп болған.
Өткенді өзгерте алмайсың. Онда бәрі мен ойлағандай болған жоқ, солай болуы керек болған шығар. Әлем чемпионатынан кейінгі жағдай түсінікті еді. Бізге қарсы өткен ойыннан кейін Франция әлем чемпионы атана алмады. Ал мен өз клубы құттықтап, құрмет танытпаған жалғыз ойыншы болдым, - дейді Месси өз сұхбатында.
Айта кетейік, Месси "Интер Майами" сапына осы жазда ауысып барды. Қазірге дейін 10 ойынға қатысып, 11 гол соғып үлгерді. Үш нәтижелі пас берді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!