Мемлекет басшысы Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаны WTA 1000 турнирдегі алғашқы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!" - делінген Президенттің Instagram-парақшасындағы жазбасында. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирде жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік. Финалда ол беларусь спортшысы Арина Соболенкодан айласын асырып, Australian Open-2023 жарысында кеткен есесін қайтарды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек