1 қазанда Астанадағы ATP 250 турнирінің ширек финалдық матчтары өтті. Ұйымдастырушылардан wild card алған сербиялық теннисші, әлемнің 120-ракеткасы Хамад Медьедович ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы Иржи Легечканы 6:3, 6:4 есебімен жеңіп кетті.
Енді Хамад Медьедович жартылай финалда АҚШ өкілі Себастьян Кордамен ойнайды. Америкалық теннисші ширек финалда жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген нидерландтық Таллон Грикспорды 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.
Ал франциялық теннисші Адриан Маннарино турнирдің жартылай финалына сенімді түрде шықты. Ол аустриялық Юрий Родионовты екі сетте ұтты - 6:1, 7:6(6).
Адриан енді финалдық жолдамаға аустриялық Себастьян Офнермен таласады. Офнер өзінің отандасы, US Open 2020 чемпионы Доминик Тимді 5:7, 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
BeeHome+ қосыңыз. Басты теннис трансляцияларын жіберіп алмаңыз!
Турнирдің басты демеушілері:
ForteBank
Kazzinc: Бірге алар белес көп!
Lexus Kazakhstan
Visa
Turan суы
7/6 теннис киімдер желісі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!