Францялық "ПСЖ" клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе Париждегі Олимпиада ойындарына қатыса ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Фабрицио Романо жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыс биылғы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасында өтеді.
"Мен әрқашан Олимпиада ойындарына қатысқым келді және менің қалауым өзгерген жоқ. Олимпиада ойындарында ойнау бұл менің арманым болатын. Бірақ маған рұқсат бермесе мен ойнамаймын. Шешімді бір адам ғана қабылдайды. Ал ол маған иә немесе жоқ деп айтқан жоқ", - деді Мбаппе.
Ал, жазда Киллианды сатып алуды жоспарлап отырған мадридтік "Реал" футболшыны турнирге жібергісі келмейді.Алайда футболшының өзі Олимпиадалық турнирге қатысуға ниетті.
Алайда Франция президенті Эммануэль Макрон жағдайға араласып, клубты 25 жастағы шабуылшыны Олимпиада ойындарына жіберуге көндіруі мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз