Мбаппе ПСЖ-дан басқа қандай клубтарға ауысуы мүмкін болғанын айтты

Мадридтік "Реал" мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе "Монакода" сапында ойнағанда неміс клубтары тарапынан өзіне қызығушылық болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Футболшы тек үш ұсынысты есіне алды.

"Көптеген клуб маған хабарласты. "Бавария" мен әлі жас кезімде "Монакодан" кете алатын уақыттарымда қызығушылық танытты (Мбаппе 2017 жылы "Монакодан" ПСЖ-ға ауысқан). Сондай-ақ "Боруссия" Дортмунд пен "РБ Лейпциг" те қызығушылық білдірді. Бұл - тек есімде қалған үш клуб. Басқалары да болған шығар, бірақ есімде жоқ. Қазір бәрі сұрап жатыр, бірақ енді кеш секілді", - деді француз Bild басылымына берген сұхбатында күліп.

Еске салайық, 2024 жылы Мбаппе ПСЖ-дан "Реалға" еркін агент ретінде ауысты. Ал 2017 жылы париждік клуб оны "Монакодан" 180 миллион еуроға сатып алған болатын.

"Реал" сапында шабуылшы барлық турнирде 59 матч өткізіп, 44 гол соқты және 5 нәтижелі пас берген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!