Мбаппе Мессиді басып озып, әлем чемпионаттарының үздік сұрмергені атанды

Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

Франция мен Англия құрамалары арасындағы үшінші орын үшін өткен матчтың 66-минутында ол дубль авторы атанып, әлем чемпионаттарындағы 22-голын соқты.

Осылайша, Мбаппе бұл көрсеткіш бойынша әлем чемпионаттарында 21 гол соққан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиден озып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» аңыз ойыншысы Зинедин Зидан Франция құрамасының бас бапкері болатыны белгілі болған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!