30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" футбол клубы "Реалмен" кездеседі. Испаниялық клубтан Қазақстанға кімдер келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, футболшылар Алматыға ұшып келе жатыр, алайда нақты құрам ойын басталардан бір сағат бұрын белгілі болады.
"Реалдың" құрамы:
Алматыға келмегендер: Трент Александр-Арнольд, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Даниэль Карвахаль және Эдер Милитао. Барлығы жарақат алған ойыншылар тізімінде.
Еске салайық, биылғы маусымда "Қайрат" алғаш рет өз тарихында Чемпиондар лигасында ойнайды. Алматы командасының Қазақстандағы алғашқы матчі 30 қыркүйекте сағат 21:45-те мадридтік "Реалға" қарсы өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!