Мадридтік "Реал" Испания Ла Лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы тур матчында "Реал Сосьедадты" 4:1 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесудің басты қаһарманы Килиан Мбаппе болды. Франциялық шабуылшы 40-минутта есеп ашты. Алайда алаң иелері көп күттірмей жауап берді. 44-минутта "Реал Сосьедадтың" жартылай қорғаушысы Лука Сучич есепті теңестірді.
Екінші таймда 60-минутта Мбаппе тағы да мергендік танытып, "Реалды" қайтадан алға шығарды. Арада сегіз минут өткенде Винисиус Жуниор мадридтік клубтың басымдығын арттырды. Ал 80-минутта Мбаппе үшінші голын соғып, матч есебіне нүкте қойды.
Бұл Мбаппенің жаңа маусымдағы алғашқы хет-тригі болды. Франциялық шабуылшы "Реал" сапында осы уақытқа дейін 105 матч өткізіп, 89 гол соққан және 12 нәтижелі пас берген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз