Франция құрамасының шабуылшысы Мбаппе Катардағы ӘЧ финалында Аргентинаға қарсы матчтің үзілісінде командаластарын рухтандыруға тырысқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Франциялықтар бірінші таймда 0:2 есебімен ұтылып жатты. Екінші таймда Дидье Дешам жаттықтыратын команда ойын барысын өзгертті, ал Мбаппе хет-трик жасады. Алайда Франция құрамасының пеналти сериясында жолы болмады.
"Бұл әлем чемпионатының финалы, бүкіл ғұмырымыздағы маңызды матч! Енді мұнан жаман ештеңе болмас. Алаңға оралып, қарсыласқа ары қарай бұлай ойнауға мұрша бермеуіміз керек. Шығып барымызды саламыз, бірге бір келгенде ұтып отырамыз, не болмаса тағы бірнәрсе істеуіміз қажет. Жігіттер, бұл - әлем чемпионатының шешуші ойыны. Екі гол ұтылып жатырмыз, бірақ ойынды өзгерте аламыз! Мұндай төрт жылда бір болады", - деп береді Мбаппенің сөзін RMC Sport.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!