- Негізгі бет
- Спорт
- Майк Тайсон денсаулығы...
Майк Тайсон денсаулығы сыр бергенін айтты
Аса ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы Майк Тайсон денсаулығы сыр бергенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.
"Менде кейде ишиас (жүйке ауруы) болып тұрады. Соңғы кездері көп қайталанып жүр. Ауруым қозған кезде тіпті сөйлей алмай қаламын. Қазіргі уақытта бұл менің басты ауруым. Бірақ қазір жағдайым жақсы", - деді Тайсон.
Айта кетейік, Тайсон 1985 және 2005 жылдар аралығында ол 58 кездесу өткізіп, 50 кездесуде жеңіске жетіп, бес мәрте жеңілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова