"Массагетте" болжамдар бәйгесі басталды

"Массагетте" болжамдар бәйгесі басталды

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен спортсүйер қауым! Сіздерді футболдан Әлем чемпионатына арналған болжамдар бәйгесіне қатысуға шақырамыз! Оқырмандар сұранысы бойынша ұйымдастырылып отырған бәйгеге қатысып, жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. iXXi Extreme планшеті өз иесін күтеді!

Болжамдар бәйгесінің ережелері: 

Өту кезеңі: 20 қараша мен 21 желтоқсан аралығы, яғни Әлем чемпионатының өту уақыты.

1. Күн сайын Massaget.kz сайтында сол күні өтетін кездесулер жайлы ақпараттар, сараптамалық-шолулар мен қызықты статистикалық материалдар жарияланады. Қатысушылар "Спорт" бөлімінде жарияланған кез келген мақала соңындағы бәйге алаңына өз болжамын қалдырады. Есепті қос нүкте арқылы белгілеу шарт. 

2. Болжам қалдыру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет. Тіркелу үшін сайттың оң жақ бетіндегі "Тіркелу" батырмасын басасыз. Болмаса әлеуметтік желілер арқылы кіруге болады. 

3. Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі ойын аяқталысымен жаңарып тұрады. Сілтемеге өтіп өзіңнің және өзгелердің болжамдарын көруге болады. 

4. Болжам ойын басталғанға дейін қабылданады. 

5. Болжам ойындардың негізгі уақытындағы нәтижелермен ғана есепке алынады. 

6. Жарысқа өз аты-жөндеріңізбен (түсінікті атпен) қатысуды сұраймыз. 

7. Қандай да бір сұрақтар болса  8702 244 84 14 нөмірі бойынша Whats App желісіне жазсаңыздар болады.

8. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.

Болжамдар қалай есепке алынады?

Кездесу

Қатысушы болжамы

Нақты нәтиже

Ұпай

Ұпай есептеу әдістері

 

Катар – Эквадор

 

 

 

2:1

 

 

 

2:1

 

   

 

3

3 ұпай – кездесудің жеңімпазын және нақты есебін анықтаған жағдайда;

 

Сенегал – Нидерланд

   

 

0:0

 

0:0

 

3

3 ұпай – кездесу тең аяқталып және нақты есебін анықтаған жағдайда;

Дания – Финляндия

 

1:1

 

2:2

 

2

2 ұпай – кездесу тең аяқталып, бірақ нақты есеп сәйкес келмеген жағдайда;

 

Англия – Иран

 

3:1

 

2:0

 

2

2 ұпай – кездесудің жеңімпазы мен доп айырмашылығын анықтаған жағдайда;

 

АҚШ – Уэльс

 

3:2

 

3:1

 

1

1 ұпай – тек кездесудің жеңімпазын анықтаған жағдайда;

 

Дания – Тунис

 

1:0

 

 

0:1

 

 

0

 

0 ұпай – ешбір болжам сәйкес келмеген жағдайда;

Болжамдар бәйгесі қорытындысы бойынша бірнеше қатысушының ұпайы тең болғанда, кімнің дәл есепті көп тапқаны басымдыққа ие болады. Сол жеңімпаз атанады. Себебі бұл жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар бар. Олардың Алматыға келе алмауы немесе ағайын-туысы, тамыр-танысы болмауы да мүмкін. Бұл - бір. Екіншіден кездейсоқ таңдай салғаннан, дәл есепті көбірек тапқан қатысушының жеңімпаз атануы әділ шешім болмақ. Егер дәл есебін тапқан ойындар саны бойынша да тең түсетін болса, онда доп айырмасындағы болжамы бойынша бағаланады.

Ұпай саны, дәл жасаған ойындар болжамы тең болған жағдайда ғана randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдайтын боламыз. 

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз iXXi Extreme планшетімен марапатталады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Айта кетейік, бүгін Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойындар басталады. Жарыстың алғашқы кездесуі Катар мен Эквадор құрамалары арасында өтеді.

О. Сансызбай