Sport24.ua порталы Алмат "Қазақ титаны" Жұманов пен Саяд "Иран Халкы" Гариби арасындағы бокс ережесі бойынша жекпе-жекке баға берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, қазақтың алыбы "Иран Халкын" Дубайда (БАӘ) Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен Wicked N' Bad промоутерлік турнирінде бірінші раундта нокаутпен жеңді.
"Иран Халкы" ирандық Гариби рингте екі минут та шыдамады, масқара.
Әрине, екеуі де ерекше техникамен таңғалдырған жоқ. Ал, Гарибидің тіпті бокспен әуесқой айналыспағаны көрініп тұр. "Қазақ титаны" қарсыласына бірнеше мәрте дәл соққы жасады, ал "Иран Халкы" бірде-бір рет тигізе алмады.
Өзінің жеңілгенін білген Гариби арқасымен бұрылып, ринг жағалай Жұмановтан қаша жөнелді. Мұндайды көрмеген төреші жекпе-жекті тоқтатуды ұйғарды және жеңісті "Титанға" берді", - деп жазады сайт.