Марат Байқамуров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Марат Байқамуров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Адам Сангариевпен (Ресей) кездесті.

Нәтижесінде Марат Байқамуров қарсыласынан басым түсіп, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget