Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Анна Данилина WTA әлемдік рейтингіндегі орнын өзгертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жаңартылған тізімде қазақстандық теннисші бір саты жоғарылап, қазір алтыншы орында тұр. Бұл - оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш.
Айта кетейік, Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орнын сақтап қалды.
Сондай-ақ, үздік ондықтың қатарында Александр Бублик те бар. Ол оныншы орынға тұрақтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова