Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ол финалда чехиялық Каролина Муховадан басым түсті.
Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұл турнирді мансабында екінші рет ұтып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылы да жеңімпаз атанған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз