Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы төрт құрлық чемпионаты өтетін орын өзгергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бастапқыда жарысты Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағымен келісу нәтижесінде чемпионатты Алматыда өткізу туралы шешім қабылданған.
Байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында "Алматы Арена" кешенінде өтеді. Айта кетейік, Қазақстан төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды.
2025 жылы Михаил Шайдоров осы жарыста жеңімпаз атанса, 2015 жылы Денис Тен чемпион болды. Ал әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы қола жүлдеге ие болған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!