Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды

Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды
Фото: instagram.com/denisten_official/

2 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғаш болып мұз айдынына қыздар шықты. Олар жасөспірімдер арасында өткен қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Нәтижесінде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Сон бірінші орынды иеленді: 60.93 ұпай. Екінші орынға оның отандасы Ким Гонхи тұрақтады: 60.62 ұпай. Үшінші аралық орын қазақстандық Арина Калугинаға бұйырды: 51.71 ұпай.

Айта кетейік, бүгін турнир аясында әйелдер мен ерлер арасында да сайыстар өтеді. Ерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Михаил Шайдоров өнер көрсетеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget