«Манчестер Юнайтед» Майкл Кэррикті команданың бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Клуб басшылығы маусымдағы сәтсіз басталған ойындарға байланысты осындай шешім қабылдаған. Қазір жаңа бас бапкерді іздеу жұмыстары басталды. Оны жақын арада тағайындау жоспарланып отыр.
Кэррик команданы биыл қаңтар айында қабылдаған болатын. Оның жетекшілігімен «Манчестер Юнайтед» өткен маусымдағы АПЛ-дің қалған 17 матчында 12 рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде үшінші орынға тұрақтады.
Майкл 2022-2025 жылдар аралығында «Мидлсбро» клубын жаттықтырды.
Қазіргі таңда МЮ АПЛ турнирлік кестесінде 10 матчтан кейін сегіз ұпай жинап, 18-орында тұр. Манкуниандықтар чемпионаттағы келесі кездесуін 22 қарашада сырт алаңда «Ливерпульге» қарсы өткізеді.
О. Сансызбай