"Манчестер Сити" аргентиналық жартылай қорғаушы Энцо Фернандес лондондық "Челсиден" ауысқанын ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
25 жастағы әлем чемпионы бес жылдық келісімшартқа отырған. Энцо Фернандес медициналық тексерістен өтіп, клуб кеңсесінде жаңа ойыншы ретінде таныстырылған.
Журналист Дэвид Орнштейннің мәліметінше, трансфер құны 145 миллион еуродан асқан. Осылайша, бұл мәміле Англия премьер-лигасындағы (АПЛ) трансфер бойынша рекордты қайталап отыр.
Бұған дейін "Ливерпуль" шведциялық шабуылшы Александер Исакты "Ньюкаслдан" дәл осындай сомаға сатып алған болатын.
Transfermarkt мәліметінше, Энцо Фернандес тарихта трансфер құны 100 миллион еуродан екі рет асқан алғашқы футболшы атанған.
Айта кетейік, ол 2023 жылы қаңтарда португалиялық "Бенфикадан" "Челсиге" 121 миллион еуроға ауысқан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова