Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта ширек финалда өзбекстандық Шахзод Музафаровпен қолғап түйістірді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Махмұд Сабырхан 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін күндізгі сессияда інісі Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова