54 килоға дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда кубалық тәжірибелі боксшы Йосвани Вейтианы жеңді.
Махмұд жоспарлаған айла-тәсілдері мен әдістерін жекпе-жекте толық жүзеге асырғандай. Қарсыласынан қорғана жүріп, сәті келгенде сауатты шабуылдай білді. Нәтижесінде отандасымыз айқын жеңіске жетті.
Финалда Махмұд өзбек боксшысы Ойбек Жураевпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін 48 килоға дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай финалға өткен болатын.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!