Махмұд Сабырхан кубалық боксшыға мықтылығын мойындатты

Астана өтіп жатқан "IBА Сhampions Night" бокс кешіндегі екінші жекпе-жек аяқталды. 57 килоға дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан кубалық Роландо Мартинестен айласын асырды. 

Бұл жекпе-жек те жоспарланған 6 раундқа созылды. Махмұд қарсыласына мықтылығын мойындатып, 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұған дейін бірінші болып шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай екі дүркін Азия чемпионы өзбек боксшысынан айласын асырған еді

IBA ұйымдастырып жатқан бокс кешінің басты кездесуінде Данияр Елеусінов ОАР елінен келген Джабулани Макхенсемен жұдырықтасады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!