Махмұд Сабырхан қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңіп шықты

Боксшы Махмұд Сабырхан Чианг Мэйдегі (Тайланд) Азия чемпионатын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші кездесуінде тайпейлік Лаи Ян-Линнен айласын асырды, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

54 келі салмаққа қайта оралған отандасымыз қарсыласын бірінші раундта-ақ үш рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті ерте тоқтатты. Техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті. 

Махмұд ширек финалда шриланкалық боксшымен жұдырықтасады.

Бұған дейін Дулат Бекбауов (67 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Ал Алуа Балқыбекова (50 келі) сырқаттанып, шаршы алаңға шыға алмады.